2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарында бокстан қола жүлдегер атанған Еркебұлан Шыналиевті көпшілік танымай қалды.

Көптен бері көрінбей жүрген боксшымыз «Ұлттық спорттық жүлде-2018» марапаттау рәсімінде бой көрсеткен. Аталған іс-шараны Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Астана қаласында ұйымдастырған болатын.

Еске сала кетсек, Еркебұлан Шыналиев Түркістан облысының тумасы. Ол - 2007 жылы Чикагода өткен әлем чемпионаты мен 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиаданың қола жүлдегері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.