Қарағандылық «Шахтер» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында венгрияның «Дебрецен» командасымен кездеспек.

Бұл туралы «Дебрецен» командасының ресми сайты хабарлайды. Матч төртінші ақпан күніне жоспарланған.

Айта кетер жайт, 2008-ші жылы қос команда Еуропа Лигасы аясында кездескен еді, сол ойындарда венгриялық клуб жеңіске жеткен болатын.