Қазақстандық боксшы Искандер Харсан (4-0, 4 КО) АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп жазады Prosports.kz сайты.

Салмақ өлшеу рәсімі Техас штатындағы Остин қаласында өтті. 21 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы америкалық Хорхе Рамосқа (6-0-1, 3 КО) қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жектің жеңімпазы екінші жеңіл салмақтағы WBC Intercontinantel чемпиондық белбеуін иемденеді.