Көрші Қырғызстан елінде өткен ММА спортынан Азия чемпионатында шу шықты.

Дүбірлі дода кезінде қазақстандық және жергілікті спортшының жақтастары жаға жыртысты. Дегенмен әлеуметтік желіде пайда болған видеода жаттықтырушылар төбелестің алдын алғаны көрінеді.