Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Жансая Әдіханова мен Әбіш Байқанов Загреб қаласында (Хорватия) өткен Golden Skate турнирінде еркін бағдарламада 9-шы орынды иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық жұп 70,04 ұпай жинады. Бірінші орынға АҚШ спортшылары Алекс Шимака мен Крис Книери ие болды. Екінші орынды ресейлік Алиса Ефимова мен Александр Коровин алды. Ал үздік үштікті тағы бір АҚШ-тық жұп түйіндеді.

Сонымен қатар, Әдіханова мен Байқанов қос бағдарламаның қорытындысы бойынша да тоғызыншы сатыдан көрінді - 101,85 ұпай.