Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Алматыда өтіп жатқан әлем Кубогында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ким Ионг А, Анастасия Крестова, Асель Тайшманова және Ольга Тихонова құралған топ жартылай сынға жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда шорт-тректен әлем Кубогы алғаш рет өткізіліп отыр.