Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Оңтүстік Кореядан жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жапонияда өтіп жатқан жерлес қыздарымыз кореялық қарсыластарынан 31:23 есебімен жеңілді.

Қазақстандық қыздар 9 желтоқсанда Жапония - Қытай жеңімпазымен үшінші орын үшін таласады.