Саулюс Ширмялис жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы «Достастық кубогында» Мәскеу құрамасын жеңді.
Кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Тоқтар Жанғылышбай мен Роман Мұртазаев соққан голдар ұлттық құрамамызға жәңіс әперді.
Келесі ойында жерлестеріміз Латвия құрамасымен кездеседі. Матч Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.
«Достастық кубогы». 2-ші тур.
Қазақстан құрамасы (U-21)-Мәскеу құрамасы (U-21) – 2:0 (1:0)
Голдар: Жанғылышбай 11, Мұртазаев 61
Комментарии