Қазақстандық боксшылар Мадияр Әшкеев (10-0, 6 КО) пен Мейірім Нұрсұлтанов (9-0, 7 КО) 11 қаңтарда АҚШ-та өтетін бокс кешіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін пуэрторикалық 32 жастағы Луис Эрнандеспен (16-6, 9 КО) кездеседі.

Нұрсұлтановтың қарсыласы - ганалық Эрнесто Амазу (24-4, 22 КО).

Екі боксшының жекпе-жегі сегіз раундқа есептелген.