«Қайрат» клубының түлегі, қазіргі таңда Армения біріншілігінде доп теуіп жүрген Акмаль Бахтияров Prosports.kz тілшісіне сұқбат берді.

Болашағынан үміт күттіретін 20 жастағы дарынды футболшы «Қайраттан» кетуі туралы, Армения футболы жайлы және болашақ командасы жайында айтып берді.

«Ресейлік «Сочи» командасына ауысатыным рас. Ауызша келісімге келдік, бірақ әлі келісімшартқа қол қойған жоқпыз. Бір-екі мәселе бойынша келісіп алуымыз қажет. Мен үшін бұл - бір қадам алға жылжу. Өйткені ол жақта Арменияға қарағанда деңгейі жоғары».

«Қайраттан» кетер кезде бас директор үйіме келіп, ата-анаммен сөйлесті. Алайда олар менің кететінім туралы шешімді тым кеш түсінген еді».