Желіде жылдам тарап жатқан видеода кішкентай қазақстандық қарсыласын жеңген соң ММА файтері Конор Макгрегор сияқты жүріп өтті.

Қазақстанда грек-рим күресі бойынша турнирде кішкентай «Макгрегор» өзінің кумирінің көпшілікке танымал жүрісін салыпты. Оған көрермендер ду қол шапалақ соғып, қошемет көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор соңғы кездесуінде Хабиб Нурмагомедовтан жеңіліп қалды. БАҚ бұл кездесуді ғасыр жекпе-жегі деп атаған. Ресейлік төртінші раундта ирландиялық спортшыны қылқындыру әдісімен жеңді.