Алматылық «Қайрат» ел біріншілігінің кезекті турында «Ұшқын-Искра» командасымен қарымта кездесуін өткізді.

Матч 10:3 есебімен аяқталды. Бірінші таймда-ақ «Қайрат» 5:2 есебімен басым болды. Кейін, екінші таймда Какау баптайтын алматылықтар «Ұшқын» қақпасына бес гол соғып ірі жеңіске қол жеткізді. Фумаса бұл кездесуде төрт рет көзге түсіп, чемпионаттағы жиырма екінші голын соқты.

Футзалдан Қазақстан чемпионаты.

«Ұшқын-Искра»-«Қайрат» - 3:10 (2:5)

Голдар: Альжақсын 8, Қуанышбаев 11, Ковган 24 — Фумаса 6, 7, 18, 25, Лео 9, Жаманқұлов 11, Алешандре 22, 36, Балтабаев 23, Мұрзабаев 27

Төрешілер: Борисов (Рудный), Қосмұхамбетов (Қостанай)

26.01.2014. Астана. «Алатау». 200 жанкүйер.