«Торнадо» фан-клубының нұсқасы бойынша, «Торпедоның» қарашадағы үздік ойыншысы шабуылшы Талғат Жайлауов атанды.

Қарашада Талғат Жоғары хоккей лигасының 9 матчына қатысып, 3 шайба және 3 нәтижелі пастың авторы атанды.

«Торнадо» фан-клубы өткізген сауалнамада Жайлауов ең көп ұпай жинаған. Жексенбіде «Химикке» қарсы матчтан кейін фан-клуб мүшесі Максим Кутьков Талғат Жайлауовқа естелікке сыйлық берді.