Жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор міндетті Невада штатының атлетикалық комиссиясының отырысына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz

UFC 229 турниріндегі жекпе-жектен кейінгі төбелеске қатысты Невада штатының тәртіптік комиссиясы екі спортшыны да (Конор, Хабиб) жазалау шараларын ұсынған болатын. Алғашқы отырыс 24 қазанда өтті.

10 желтоқсанда өтуі тиіс қорытынды тыңдауға екі спортшыны да келуге міндеттелген болатын. Алайда, ирландиялық файтер NSAC-тың тәртіптік комиссиясының отырысына келмеуге рұқсат алды.