«Астана» футболшылары «Ренн» командасына қарсы ойын алдында «Шамбли» клубымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz астаналық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Франция дивизионында үшінші боп өнер көрсететін «Шамбли» командасымен жолдастық кездесу 9 желтоқсанға белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» Еуропа лигасында К тобында екінші орында тұр. Плей-оффқа жолдама алу үшін қазақстандық футболшыларға Францияда жеңілмеуі тиіс.