Хорватия хавбегі Лука Модрич мансабын мадридтік «Реал» сапында аяқтағысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Алтын доп» иегері «корольдік клубта» барлық жағдайы жасалғанын мәлімдеді.

— Менің «Реалмен» келісімшартымның аяқталуына екі жыл қалды. Жаңа келісімшартқа отырамыз деген ойдамын. Мен осындай ұлы клубта ойнағаныма қуаныштымын, — дейді Модрич.

Естеріңізге сала кетейік, Модрич «Реалмен» үш рет қатарынан Чемпиондар лигасын ұтып алған болатын.