Пермдік «Амкар» ФК бас бапкері Станислав Черчесовтың айтуынша «Астананың» бұрынғы шабуылшысы Патрик Твумаси ресейлік клубқа ауысады.«Амкарадың» ресми сайтында Черчесовтың сөзі келтіріледі: «Ганалық футболшы Патрик Твумаси біздің жаңа ойыншымыз. «Амкармен» бірге екінші жаттығу жиынына аттанады. Қыс кезіндегі маусымаралықта тағы бірнеше ойыншы команда қатарын толықтыруы мүмкін».