Македониялық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Ален Амедовски Bellator 221 турнирінде француз Ибрагим Манені 8 секундта нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz

Македониялық спортшы ә дегеннен-ақ қарсыласын ауыр соққылардың астына алды.

Француз орнынан әрең тұрып, әрі қарай жалғастыруға ниет білдірді, алайда төреші жекпе-жекті тоқтатып тастады.