Бендиден Ресейдің Иркутск қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде жерлестеріміз жеңіліс тапты.

Алғашқы кездесуде Қазақстан құрамасы айдын иесі Ресеймен ойнады. Матчтың басынан аяғына дейін тізгіді өз қолында ұстаған Ресей құрамасы 10:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Ал отандастарымыздың сапында Дмитрий Завидовский жалғыз голмен жауап берді.

РесейҚазақстан 10:1 (3:0)

ГолдарЛоманов (6, 51), Бушуев (15), Захаров (25), Егорычев (62), Иванушкин (64, 68), Доровских (49), Джусоев (79, 86) – Завидовский (87).