«Алтын доп» жүлдесінің иегері Зинедин Зидан туралы бір ауыз сөз айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

33 жастағы хорватиялық Лука Модрич 2016 жылы кезекті бір жаттығулардан кейін Зидан оны өзінің кабинетіне шақырып алғанын және бапкердің ойыншыдан үміті зор екенін айтқанын мәлімдеді.

Ол менен үлкен футболшы шығатынын, сонымен қатар, «Алтын допты» ұтып алуым мүмкін екенін де айтты. Мұндай сөздерді Зидан айтса, өзіңе сенімді бола түседі екенсің...», – дейді Модрич.