Бүгін Дублин қаласында футболдан Ұлттар лигасының жеребесі тартылды.

А лигасында өз тобында жеңімпаз атанған төрт құрама жартылай финал және финалдық ойын өткізеді. Бүгінгі жеребе барысында 2019 жылғы 5 маусымда Португалия мен Швейцария, 6 маусымда Голландия мен Англия құрамалары кездесетін болды.

Жеңімпаздар 9 маусымда анықталады.

Естеріңізге салайық, футболдан Ұлттар лигасы тұңғыш рет өткізілді. Қазақстан өз тобында Грузия, Латвия және Андорра құрамаларымен кездесті. Нәтижесінде өз тобында екінші орын алды.