Велотректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Артем Захаров Берлинде өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде алғашқы бестіктен көрінді деп хабарлайды Olympic.kz.

Захаров "омниум" жарысынан бақ сынаған болатын. Ол он айналымнан соң жалпы есебі 99 ұпай жинап, бесінші орынға қол жеткізді.

Аталған сында австралиялық Сэм Уелсфорд 128 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші орында испаниялық Альберт Торрес (118 ұпай).Үшінші орын Нидерланд спортшысының еншісінде.

Еске сала кетейік, Артем Захаров "омниумнан" Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.