Норвегияның Лиллехамер қаласында шаңғымен жүгіруден әлем кубогінің екінші кезеңі өтуде. Із кесу жарысында Анна Шевченко мен Алексей Полторанин алғашқы отыздыққа енбеді.

10 шақырымға классикалық әдіспен жарысқан әйелдер бәсекесінде Шевченко 38-ші орынға табан тіреді.

1. Тереза Йохауг (Норвегия);

2. Эбба Андерссон (Швеция);

3. Ингвильд Остберг (Норвегия);

…38. Анна Шевченко (Қазақстан);

…47. Валерия Тюленева (Қазақстан);

Ал 15 шақырымға созылған ерлер арасындағы додада Алексей Полторанин 36-шы орын алды.

1. Дидрик Тенсет (Норвегия);

2. Сьюр Рете (Норвегия);

3. Эмиль Иверсен (Норвегия);

...36. Алексей Полторанин (Қазақстан);

...57. Денис Волотка (Қазақстан);

...67. Виталий Пухкало (Қазақстан);

...68. Олжас Климин (Қазақстан)