«Жетісу» футбол клубы 22-ші қаңтар күні Түркияға екінші оқу-жаттығу жиынына аттанды. ОЖЖ барысында талдықорғандықтар бес жолдастық кездесу өткізеді.

Түркияға «Жетісу» сапында мына ойыншылар аттанды: қақпашылар - Андрей Пасеченко, Евгений Фирсов, Ерік Дүйсенбекұлы; қорғаушылар - Руслан Эсатов, Виктор Ковалев, Захар Коробов, Арунас Климавичус, Темірлан Әдільханов, Нұржан Нүсіпжанов, Владислав Кузьмин; жартылай қорғаушылар - Тарас Данилюк, Владимир Яковлев, Саят Сәриев, Абылайхан Тотай, Константин Заречный, Берік Шаихов, Константин Зотов, Марко Джалович, Денис Родионов, Руслан Барзукаев; шабуылшылар - Сергей Шафф, Бейбіт Татишев, Константин Задорожный, Рауан Сәриев.

Жолдастық кездесулердің тізімі мынадай:

26-шы қаңтар. «Жетісу» — ЦСКА (София, Болгария)28-ші қаңтар. «Жетісу» — «Ротор» (Волгоград, Ресей)1-ші ақпан. «Жетісу» — «Висла» (Краков, Польша)5-ші ақпан. «Жетісу» — «Сувон Самсунг Блю Уингз» (Сувон, Корея)9-шы ақпан. «Жетісу» — «Терек» (Грозный, Ресей)