Гандболдан Азия чемпионатының топтық кезеңі аясында Қазақстан әйелдер құрамасы А тобындағы үшінші матчын өткізді.

Жапонияда өтіп жатқан додада отандасымыз Жаңа Зеландия өкілдерімен кездескен. Матч қазақстандықтардың пайдасына аяқталды – 51:14.

Енді Қазақстан құрамасы келесі матчын жапон гандболшыларына қарсы өткізеді. Бұған дейін Қазақстан Аустралия мен Иран құрамаларын жеңген болатын.