Ресейде тұратын қазақ Дамир Исмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған болатын.

Аустралияда Дамир «Хитман» деген лақапаты бар Алекс Горджесті төрешілер шешімімен жеңген болатын. Бұған дейін Алекс жеңілмеген болатын, ал Дамир өзінің дебютін жеңіспен атап өтті.

Эван Филд пен Чарли Кич 30:26 есебімен Исмағұлов жеңді деп бағалады, Энтони Димитриуның да есебі Дамирдің пайдасына – 30:25.