Алматылық «Кайрат» футзал клубы ел біріншілігінің кезекті турында елордалық «Ұшқын-Искрадан» басым түсті.

Есепті жойқын соққымен «Қайрат» ойыншысы Алешандре ашты. Сосын Фумаса екінші голды соқты. Кейін, Серік Жаманқұлов есепті іріге жеткізді. Дегенмен, елордалық команда бірден қарымта гол қайтарды. Артынша, алматылықтар қарсыластарының қақпасына он бір жауапсыз гол соқты. Фумаса хет-триктің авторы атанса, Амир Балтабаев дубль жасады. Лео, Барон, Жива да көзге түсті. Қорытынды есеп - 14:1.