Екі күн бойы, 1 жəне 2 желтоқсанда «Медеу» мұз айдынында коньки тебуді үйренгісі келгендерге тегін курс ұйымдастырылады."Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында арнайы киімдегі 20 нұсқаушы сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін құлшыныс танытқан барлық адамдарға коньки тебудің техникасын үйретеді.Бұл бағдарламаның басты мақсаты - тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.Естеріңізге сала кетейік, кіру жəне конькиді жалға алу бағасы «Медеу» биік таулы спорт кешені ұсынған прейскурантқа сəйкес.Ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар ойнату қарастырылған