«Барселона» командасы лондондық «Челсидің» орталық қорғаушысы Андреас Кристенсенді сатып алмақшы, деп жазады prosports.kz.

22 жастағы қорғаушы жаңа бапкер келгелі Англия Премьер лигасында алаңға шыға алмай жүр. Маурицио Сарри оған тек кубоктық ойындарда мүмкіндік беруде.

Жас футболшы бұған келіспейді. Ол алаңда көбірек өнер көрсеткісі келеді. Осыған байланысты каталониялық клуб Кристенсенді қатарға қоспақшы.