Ресейлік «Уфа» футбол клубында доп тебетін Қазақстан ұлттық құрамасының жас шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Instagram желісінде көптеген жанкүйердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қараша айының басында жарақат алып, қазіргі сәтте жасыл алаңнан тыс жүрген Еркош Instagram Stories-да жанкүйерлермен еркін пікір алмасты. Жас футболшы ешкімнің көңілін қалдымай сұрақтарына жауап берген секілді.

Ең маңызды сұрақтар оның алдағы мансап жолы жайлы болған екен.

"Өзге клубқа ауысасың ба?", "Еуропалық клубқа барасың ба?", "«Астанаға» келесің бе?", "«Уфада» қаласың ба?" деген секілді сұрақтарға берген жауабына қарасақ, қазіргі командасында жалғасты доп тебетін секілді.

Бірақ, Еуропа асып өнер көрсетуге үмітті екенін айтқан. Алдағы мақсатым Еуропа асу деп анық айтқан. Әрі қазірше Қазақстанға қайту жоспарында жоқ секілді. Бұған дәлел, жанкүйерлер сұрағына жауап ретінде «Астанаға» да, өзге ҚПЛ клубтарына да келу ойында жоқ екенін айтып, басты мақсаты әлі де жоғары деңгейге көтерілу екенін еске салған.

Бұдан кейінгі маңызды сұрақ, оның денсаулығына қатысты болыпты. Жарақаты жайлы сұрап, қайда емделіп жатқанын, қашан жазылатынын білгісі келген жанкүйерлерге жауап беріпті. Өзінің Тараз қаласында ем қабылдап жатқанын айтып, мүмкін болса төрт ападан кейін қатарға қосылатынын жеткізіпті.

Тағы бір жанкүйердің "Сүйікті футболшың кім?" деген сұрағына "Сүйікті ойыншым @leomessi" деп жауап беріпті. Бұдан бөлек дәл қазір өтіп өтіп жатқан Еуропа лигасы аясындағы «Астана» - «Динамо» матчын тікелей эфирде тамашалайтынын айтыпты.