Желтоқсанның 2-і күні Алматыда джиу-джитсудан Arlan Grip Selection xалықаралық турнирінің финалы өтеді.

Жарыста 6-17 жасар кез келген балалар мен жасөспірімдер күш сынасады. Оның өтетін орны ABB Arena.

Турнирдің басты мақсаты елімізде джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру және үздіктерді анықтау.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табысталады.

Салмақты өлшеу рәсімі жарысқа бір күн қалғанда өткізіледі, ал тіркелген қатысушы салмақ дәрежесіне сәйкес келмеген жағдайда – спортшы жарысқа қатысу құқығынан айырылады.