Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы «2018 жылғы Премьер-лиганың үздік қақпашысы» аталымының жеңімпазы — «Астана» ФК қақпашысы Ненад Эричпен сұхбаттасты.

— Ненад, құттықтауымызды қабыл алғайсыз! Сіз — маусымның үздік қақпашысы атандыңыз. Бұған қуанасыз ба? — Өз жұмысыңа осыншама жоғары баға берілген соң, қуанбасқа бола ма. Бірақ бұл марапат бүкіл команданың, тұтас клубтың еңбегі.— Сіз үшін осы маусымда қай ойын қиын болды?— Бәлкім, эмоция жағынан алғанда, Кипрдің АПОЭЛ-іне қарсы пенальтиге дейін созылған ойыннан қиыны жоқ шығар. Көп нәрсе бәйгеге тігілген сол ойында біз жеңіске жетіп, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алғанымызға өте қуаныштымын. Ал Қазақстан Чемпионатында «Қайратқа» қарсы ойындар мейлінше қиын болады. Жалпы, Премьер-лигада оңай берілетін ойын жоқ. «Астанаға» қарсы кез келген команда ерекше дайындықпен алаңға шығады, сондықтан, әрбір ойын, әр жеңіс өзінше қиын. — Сейвтеріңіздің қай бірі көбірек есіңізде қалды?— Дөп басып біреуін таңдау қиын. Қақпашының міндеті — командасын құтқару. — Өзге қақпашылардың қайсысын ерекше атап көрсетесіз?— Қазақстан чемпионатында мықты қақпашылар жеткілікті. Дегенмен құрамадағы әріптестерім — Дмитрий Непогодов пен Владимир Плотниковтың, сондай-ақ «Астанадағы» серігім Александр Мокиннің еңбегі ерек деп ойлаймын.