Орта салмақтағы британиялық боксшы Джош Келли Boxing Exposure басылымына берген сұхбатында, қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновпен кездесуге дайын екенін жеткізді. Келли, Рио Олимпиадасында Даниярға жеңілген еді.

«Мен Данияр Елеусіновке есемді қайтару үшін дайынмын. Ол мені Олимпиада ойындарында жеңді, бірақ менің кәсіпқой бокстағы қадамым оған қарағанда жақсырақ болды. Қазір екеуміздің кездесетін уақыт келген сияқты. Әрине, келіссөздер әлі жүрген жоқ. бірақ менің оған есем бар», - деді Келли.

Джош келесі кездесуін 8 желтоқсан күні бұрынғы әлем чемпионы Давид Авеносянға қарсы өткізеді.