2018 жылдың 24 қарашасында «Ковчег» балалар үйінің тәрбиеленушілері CosmoDay шеберлік-сыныбы аясында Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) 20 жылдық мерейтойына орай, аспанға зымыранды ұшырды. Еліміздегі №1 балмұздақ өндіруші - «Шин-Лайн» компаниясы алматылық «Spacecraft» зымыран - моделдік клубының қолдауымен балаларға арналған танымдық іс-шараны ұйымдастырды. CosmoDay-де балалар өздерін инженер сияқты сезінді. Балалар ғарыш кемесі қандай элементтерден тұратынын және оны ғарышқа қалай ұшыру керек туралы мағлұмат алды. Ал артынша олар құрастырылған зымыранды аспанға жіберді…