Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» Череповецтің «Северсталь» клубына қонаққа барды.

Череповцтегі «Ледовый дворец» алаңында өткен кездесуде қазақстандық клуб 4:3 есебімен жеңіп кетті.

«Астаналықтар» сапынан Мэтт Фрэттин (дубль), Антон Сагадеев Никита Михайлис және Даррен Диц көзге түсті.

«Северсталь» - «Барыс» - 3:5 (1:1, 0:3, 2:1)

0:1 - Фрэттин (Михайлис, Диц) - 06:27 ГБ1:1 - Трубачёв (Гераськин, Вовченко) - 12:38 1:2 - Сагадеев - 28:17 ГМ1:3 - Михайлис (Фрэттин, Диц) - 33:03 1:4 - Диц (Фрэттин, Михайлис) - 35:16 2:4 - Странски (Григоренко, Коротков) - 42:09 3:4 - Карлин (Рыбин) - 44:06 3:5 - Фрэттин - 59:18 ПВ

«Барыс» 44 ұпаймен ҚХЛ турнирлік кестесінде «Локомотив» (43) пен «Йокеритті» басып озып, сегізінші орынға жайғасты.