Маусымаралықтағы екінші оқу-жаттығу жиыны барысында Александр Гейнрих «Ақтөбемен» жаңа келісімшартқа қол қойды.

- Саша, келісімшартты ұзартқаныңа қуандың ба?

- Әлбетте! Бүгінге дейін «Ақтөбеде» өнер көрсеткен уақыт аралығында қала тұрғындарын, жанкүйерлерді жақсы көріп кеттім, бауыр бастым десе де болады.

- Жаттығу жиындарын қалай өткіздің?

- Соңғы жаттығуларда жаңа ойыншылар байқаудан өтті, сондықтан аз ойнадық. Есесіне физиканы жөнге келтірдік.

- «Ақтөбенің» Чемпиондар лигасында өнер көрсететін сәті келді. Қалай ойласың, топтық кезеңге өту мүмкін бе?

- Әрине. Талмай еңбек ету керек. Алда тек жаттығулар.