Итальяндық теннисші Сара Эррани мен Роберта Винчи Австралия ашық бірінішілігінде жұптық сайысты жеңіп алды.

Эррани мен Винчи ақтық сында ресейлік дуэт Елена Макарова мен Елена Веснинадан басым түсті - 6:4, 3:6, 7:5.

Айта кеткен жөн, соңғы сетте 2:5 есебімен жеңіліп жатқан Эррани мен Винчи қатарынан бес геймді алып үш брейк жасады.