Череповецтің «Северсталь» хоккей клубы қорғаушы Денис Куляш пен шабуылшы Александр Бумагинды команданың тізімінен сызып тастады, деп хабарлайды prosports.kz.

Алдағы 24 сағат ішінде кез-келген ҚКЛ клубы оларды қатарына қоса алады. Егер ешкім керек етпесе, екі ойыншы команданың фарм-клубында өнер көрсететін болады.

Еске сала кетейік, «Северсталь» бүгін астаналық «Барыспен» кездеседі.