«Ақтөбе» ФК ойыншысы Сергей Давыдовтың ОЖЖ-ға не себепті бармағанын жеке агенті Алан Агузаров түсіндірді, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс».

– «Ақтөбе» Давыдовпен бір жылдық келісімшарт жасасты. Яғни келісім жазға дейін жоспарлаған. Алайда  батысқазақстандық клуб ойыншымен келісімшартты ұзартудан бас тартып, «Рубинге» қайтаруға дайын екен.

Тағы бір айта кетер мәселе бар. Қос команда арасындағы келісім бойынша «Ақтөбе» ойыншыдан бас тартса жалақысын жазға дейін өтеуі тиіс. Қазақтар қаңтарға дейін ғана төлемекші ақшасын. Ресейлік клубтың өкілдері бұған наразы. Сол себепті екі арада ауыз-түйіс пайда болды.

– Михаил Гурманның айтуынша Давыдов екі рет өткен оқу-жаттығу жиынның біреуіне де қатыспаған.

– Біріншіден, жарақатынан емделді. Тиісті құжаттар мен анықтамамыз қолда бар. Екіншіден, «ақтөбеліктер» оқу-жаттығу жиыны өтетін мерзімді де атамады оған. Жиынға шақырмаса, сұранып барады ма?

Сергей тиісті мерзімнің жартысын ойнап шықты, бірнеше гол соғып командаға пайдасын әкелді. Енді әрі қарай жұмыс істеп сұрақтың шешімін табуға тырысамыз.

– Футболшының тағдыры қандай болмақ, болжамыңыз жоқ па?

– Егер де «Ақтөбе» Давыдовпен қош айтысқысы келсе, тиесілі жалақысын төлесін. Ол «Рубинге» қайтады.

– «Ақтөбе» қаражат өтеуінен бас тартса ше?

– Онда мәселе сотта шешіледі.

– «Рубин» Давыдовты керек қылып тұр ма?

– Сөйлесіп жатырмыз. Қазандықтар жаңа шабуылшы іздеп жатыр. Бұрынғы командасына оралуы мүмкін.