Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов энергетикалық сусын жасайтын Gorilla Energy компаниясымен келісімшартықа отырды, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Келісімшартқа отырғаныма қуаныштымын. Соңғы жекпе-жегімнен соң серіктестік туралы көптеген ұсыныстар келді. Алайда солардың ішінде тек Gorilla менімен ғана емес, бүкіл команда мүшелерімен келісімшарт жасасты. Сол себепті осы ұсынысты қабыл алдым», — деді Хабиб Нурмагомедов баспасөз мәслихатында.

Gorilla Energy өкілі Игорь Кимнің айтуынша, Хабиб Нурмагомедовпен келісімшарт үш жылға жасалған және құны бір миллион доллардан асады.