Бүгін, яғни 26 қараша күні «Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Педро Энрике мен Қазақстан әйелдер құрамасының және ресейлік «Енисей» футбол клубының жартылай қорғаушысы Аида Гаистенова және елорда футбол орталығының жаттықтырушысы Ербол Мұсабаев №37 мектептің 3 сынып оқушыларына шеберлік сабағын өткізді.

Жалпы іс-шара өте қызықты өтіп, №37 мектеп оқушылары өздерінің сүйікті футболшыларымен ашық тілдесіп, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Жаттығу жұмыстары соңында футболшылар өз қолтаңбаларын қалдырып, оқушыларға 29 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтетін УЕФА Еуропа Лигасы аясындағы «Астана» және «Динамо» (Киев) арасындағы ойынға билеттер табыстады.

Айта кетейік, Президенттік клубтың құрамына енетін «Астана» футбол клубының ойыншыларының қатысумен өтетін шеберлік сабақтары «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік серіктесінің бастамасымен ұйымдастырылуда.