Қазақстандық теннисші Ростислав Гальфингер Кенияда ITF Juniors G5 халықаралық турнирін жеңіп алды.

Финалда қазақстандық спортшы жергілікті АЛьберт Нжоугуді үш сетте жеңді – 6:2, 4:6, 6:3.

Финалға дейін Гальфингер Эфиопия, Кения, Италия өкілдерін үйіне қайтарған.

ITF Жасөспірімдер туры 18 жасқа толмаған теннисшілер арасындағы жоғары дивизион саналады.