«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Жозе Моуриньо команданың чилилік шабуылшысы Алексис Санчес алматылық клубтан әзір кетпейтінін айтты.

«Алексис маған клубтан кеткісі келетінін және командада бақытсыз екенін ешқашан айтқан жоқ. Ол бүкіл команда секілді өнер көрсетіп жүр. Санчестің ойыны жақсарып келеді. Оның бір ғана қалауы – ойнап, командаға көмектесу», - деді Моуриньо.

Бұған дейін Санческе «Пари Сен-Жермен», «Бавария», мадридтік «Реал» мен туриндік «Ювентус» қызығып жатқаны хабарланған болатын.