Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан Гран-при турнирінің финалдық кезеңі өтуде. Аталған сында Қазақстанның жалғыз өкілі Смайыл Дүйсебай бар деп хабарлайды Olympic.kz.

87 келіден жоғары салмақта сынға түсетін Смайыл бірінші кездесуде Олимпиада чемпионы, әзірбайжандық Радик Исаевты жеңді. Екінші белдесуінде әлем чемпионы, германиялық Александр Бачманнан басым түсті.

Жартылай финалда Смайыл Дүйсебайды Азия чемпионы, кореялық Кю До Ин күтіп тұрған. Ол азулы қарсыласынан 5:12 есебімен ұтылып қалды.

Бүгін біздің жерлесіміз ирандық спортшымен бірге қола медальға таласады.

Еске сала кетейік, Гран-при турнирінің финалдық кезеңіне өз салмағында ТОП-16 қатарына енген спортшылар ғана шақырту алады.