Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің қарсыласы Осуману Адама жекпе-жек қарсаңында қазақстандық боксшыдан басым түсетініне сенімді.

 «Жаттығу сәтті аяқталды. Он сегіз ай мерзімдегі ең тыңғылықты жаттығуларым осы шығар. Абель Санчес пен Головкин менен не күтетіндігін білмеймін, сондықтан бірінші ақпан күні таң қалтыруға тырысамын. Мені таңдағаны үшін өкінеді!», - деді Адама шетел басылымдарына.