Финляндия, Солтүстік Ирландия және Фарер аралдары 2017/18 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Fair Play жүлдесін иеленді.

Финляндия маусымнан соң Fair Play рейтингісінде бірінші орын алған. Ал Солтүстік Ирландия жалпы рейтингіде ең үлкен прогресске қол жеткізгені үшін жүлде алды. Фарер аралдары болса, үздік жанкүйерлер номинациясы бойынша жүлдеге ілікті.

Осылайша, бұл үш елдің футбол қауымдастықтарына УЕФА 50 мың еуродан береді.