Құрлықтық хоккей матчында астаналық «Барыс» финнің «Йокерит» клубымен кездеседі.

Бұл кездесу бүгін Астана уақытымен сағат 22:30-да басталады.

Тікелей трансляцияны «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.

Матч Хельсинкидегі «Хартвалл-Арена» стадионында өтеді.

Қазақстандық клубтың қанжығасында негізгі уақытта жеткен 12 жеңіс, овертаймда үш жеңіс және буллитте екі жеңіс бар.