Британдық кәсіпқой боксшы Тони Беллью бокстағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz порталы Sport24-ке сілтеме жасап.

WBC (2016—2017) бойынша әлем чемпионы және EBU (2015—2016) нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақта Еуропа чемпионы Беллью кәсіпқой бокста өткізген 34 жекпе-жектің 30-ында (20-сы нокаутпен) жеңіске жеткен.
Соңғы жекпе-жегінде 35 жастағы боксшы украиналық Александр Усикке қарсы кездесуде жеңіліс тапты.