Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзіне көмек көрсеткен қазақстандықтарға алғысын жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өзінің инстаграм парақшасында аралас жекпе-жек шебері Мекке және Мединаға баруына ықпал болған Қазақстандағы «бауырларына» рақметін айтты.