Қазақстан құрамасы мен «Фортуна» футбол клубының қорғаушысы Генрих Шмидтгаль жарақатынан емделді.

Бұл туралы неміс футбол клубының ресми сайты хабарлайды. Жиырма сегіз жастағы футболшы жарақатынан айығып, жаттығу жұмыстарына оралды. «Фортунаның» жаңа бас бапкері Лоренц-Гюнтер Кестнер келесі жолдастық матчта Генрихті алаңға шығаратындығын айтты.